2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 49-1 және 49-2-жолдармен толықтырылсын:
«
49-1 |
Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялық және консервациялық жұмыстар жүргізу |
Жаңғырту және реставрациялау арқылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау бойынша қызметтер көрсету |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
«Қазқайтажаңарту» ШЖҚ РМК |
033 «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» |
382 278 |
49-2 |
Қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеуді жинақтау және жүйелеу |
Қорық-мұражайларды қалпына келтіру жолдарын анықтайтын бас жоспарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
«Қазқайтажаңарту» ШЖҚ РМК |
033 «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» |
30039 |
».
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов