2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 42-қосымша:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлері 6-1, 6-2, 6-3, 6-4, 6-5, 6-6-жолдармен толықтырылсын:
«
6-1 |
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер |
Техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі - ТжКБ) мамандықтары бойынша халықаралық тәжірибе негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу және «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ оқу орындарының және «100 қадам – Ұлт жоспарын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 10 колледждің, сондай-ақ ТжКБ-ның сұранысқа ие мамандықтары бойынша ТжКБ-ның басқа да оқу орындарының білім беру қызметіне білім беру бағдарламаларын енгізу. |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ |
203 «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету», |
313 599 |
6-2 |
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ желісіне енетін ТжКБ оқу орындарында оқыту курстарын ұйымдастыру және әдістемелік сүйемелдеу |
Экономиканың жоғары білікті кадрларға деген сұранысын қанағаттандыру үшін стратегиялық әріптестермен бірлесіп, үздік әлемдік практикаға сәйкес Apec Petrotechnic жоғары техникалық мектебінде студенттерді оқыту курсын ұйымдастыру және әдістемелік сүйемелдеу |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ |
203 «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету», |
3 962837 |
6-3 |
Қолданыстағы үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарлам аларын өзектілендіру бойынша көрсетілетін қызметтер |
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясында жазылған талаптарға және «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысынаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысына сәйкес еңбек нарығында білікті кадрларға деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылықты жою мақсатында ТжКБ мазмұнын жұмыс берушілердің заманауи талабына сәйкес келтіру арқылы қолданыстағы үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын өзектілендіру |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ |
203 «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету», |
188 883 |
6-4 |
ТжКБ-ны жаңғырту процесінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қызметін ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу: қолданбалы бакалавриатты енгізу |
Теориялық дайындық пен өндірісте жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеруді қамтамасыз ететін ЖОО мен колледждің кәсіптік бағдарламаларының интеграциясын қамтамасыз ету үшін қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ |
203 «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету», |
50 013 |
6-5 |
WorldSkills ұйымының талаптарын ескере отырып, халықаралық деңгейде кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу |
Қазақстан ұлттық құрамасының Швецияда, Гетеборг қаласындағы WorldSkills Europe халықаралық чемпионатына қатысуы үшін Ұлттық оператордың WorldSkills Қазақстан ұлттық чемпионатын ұйымдастыруы және өткізуі, WorldSkills International халықаралық қауымдастығына жыл сайын мүшелік жарна төлеу |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ |
203 «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету», |
121 258 |
6-6 |
ТжКБ жүйесі үшін шетелдік оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді аудару және бейімдеу бойынша көрсетілетін қызметтер |
Республика колледждерінің кітапханаларын жинақтау үшін жағдай жасау мақсатында шетелдік оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттердің аудармасын ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ |
203 «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету», |
317 275 |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 22-1-жолмен толықтырылсын:
«
22-1 |
Халықаралық талаптар бойынша ТжКБ ұйымдарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлері мен басшыларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу |
Жаңа үлгідегі педагогті қалыптастырудың инновациялық тәсілдері негізінде ТжКБ ұйымдарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлері мен басшыларының біліктілігін арттыру |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ |
223 «Техникалық және кәсіптік білім беру мемлекеттік ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» |
288 897 |
».
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов