2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қабылданған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін электрондық-цифрлық нысанда қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін интернет-ресурсты айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 341 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қабылданған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін электрондық-цифрлық нысанда қалыптастырудың көзі ретінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі айқындалсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов