"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 216 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 13, 71-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      «Жалпы ережелер» деген бөлімде:
      «Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері» деген кіші бөлімде:
      4-тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) «Даму» КДҚ» АҚ және ЕДБ арасында жасалған кредиттік келісім шеңберінде:
      өңдеу өнеркәсібінде ШОКС-қа берілген қарыздарды қайта қаржыландыруға ЕДБ бағыттайтын қарыздардың үлесі Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің 25 %-ынан аспайды;
      өңдеу өнеркәсібінде ШОКС-тың айналым қаражатын толықтыру мақсаттары үшін ЕДБ бағыттайтын қарыздардың үлесі Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің 25 %-ынан аспайды;
      өңдеу өнеркәсібінде ШОКС-тың жаңа жобаларын қаржыландыруға ЕДБ бағыттайтын қарыздардың үлесі Мемлекеттік комиссия мақұлдаған ЕДБ лимитінің кемінде 50 %-ын құрайды.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов