"Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 168 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бірінші кезең 2016 – 2020 жылдар) (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:
1) Жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі есепті жылдан кейінгі 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жыл қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі 15 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 203 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бірінші кезең 2016 – 2020 жылдар)
Ескерту. Іс-шаралар жоспарында 3-жолдың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Р/с | Іс-шара атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар (млн. теңге) | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Салауатты ұлтты қалыптастырудың кешенді тәсілдерін іске асыру | ||||||
1. | Апта сайын бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу көзделген барлық деңгейдегі әкімдіктердің жыл сайынғы спорттық іс-шаралар жоспарын әзірлеуі (кемінде 52 іс-шара) | облыстық дене шынықтыру және спорт басқармаларының бұйрықтары | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын (қаңтар) |
жергілікті бюджет: | жергілікті бюджет |
2. | Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, ел азаматтарының бос уақытта спортпен шұғылдануын ұйымдастыруға бағдарланған дене шынықтыру-спорттық бірлестіктермен және спорт клубтарымен жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту | облыстық дене шынықтыру және спорт басқармаларының бұйрықтары | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын (қаңтар) | - | қаражат талап етілмейді |
3. | Халықтың нысаналы топтары арасында Тұңғыш Президент - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың дене дайындығы тестілерін тапсыруды ұйымдастыру | МСМ-ге ақпарат | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын (желтоқсан) |
жергілікті бюджет: | жергілікті бюджет |
4. | Дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары мен спорт клубтарында ашық есік күндерін өткізу | МСМ-ге ақпарат | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын (желтоқсан) | - | қаражат талап етілмейді |
5. | "Елдің спорттық өмірі орталығы" өңіраралық спорттық эстафетаны ұйымдастыру | МСМ-ге ақпарат | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын (желтоқсан) |
жергілікті бюджет: | жергілікті бюджет |
6. | Бұқаралық, ұлттық және мүгедек спортшылар арасында спорт түрлерінен республикалық және халықаралық жарыстарды дайындау және өткізу | МСМ-ге ақпарат | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын (желтоқсан) |
республикалық бюджет: 240,0; | республикалық бюджет (035100, 036100 бюджеттік бағдарламасы), жергілікті бюджет |
7. | Өңірлердің спорттық тартымдылығы рейтингін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар | МСМ |
2016 жылғы | - | қаражат талап етілмейді |
8. | Тұрғылықты жері бойынша спорт клубтары, оның ішінде дене шынықтырумен және спортпен өз бетінше шұғылданушыларға арналған демалыс күндердегі спорт клубтары желісін құрудың тиімді алгоритмін пысықтау | МСМ-ге ақпарат | МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2016 жылғы желтоқсан | - | қаражат талап етілмейді |
9. | Халықтың нысаналы топтары (жастар, зейнеткерлер және басқалар) арасында салауатты өмір салты негізін қалыптастыратын телевизиялық сюжеттер мен бағдарламалар, фильмдер сериясын жасау бойынша мүмкіндікті қарастыру | МСМ-ге ақпарат | МСМ, ИДМ, ДСӘДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 жылғы наурыз | - | қаражат талап етілмейді |
10. | Халықтың нысаналы топтарының елдің спорттық өміріне қатысуын мониторингтеу, спортта көрсетілетін қызметтер сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттанушылықты бағалау және т.б. мақсатта әлеуметтанушылық және сараптамалық зерттеулерді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу | МСМ-ге ақпарат | МСМ, ИДМ, ҰЭМ, ДСӘДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 жылғы наурыз | - | қаражат талап етілмейді |
11. | Командалық спорт түрлерінен (хоккей, футбол және т.б.) түнгі спорттық лиганы қалыптастыру бойынша пилоттық жобаны бастау | МСМ бұйрығы | МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 жылғы қаңтар |
жергілікті бюджет: | жергілікті бюджет |
2. Балалармен және жастармен жұмыс істеу әдістерін жетілдіру | ||||||
12. | Қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша спартакиадалар, Универсиадалар және республикалық жастар ойындарын, баскетболдан, волейболдан, футболдан және басқа да бұқаралық спорт түрлерінен студенттік және мектеп лигаларын өткізу | МСМ-ге ақпарат | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын (желтоқсан) |
жергілікті бюджет: | жергілікті бюджет |
13. | "Айбын" әскери-патриоттық жастар республикалық жиынын өткізу | Қорғанысминіне ақпарат | МСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын (желтоқсан) |
республикалық бюджет: | республикалық бюджет (047 бюджеттік бағдарламасы), жергілікті бюджет |
14. | Спорт түрлері бойынша спорт клубтарымен және жанкүйерлер клубтарымен (фан-клубтар) әлеуметтік-профилактикалық жұмыс жоспарларын әзірлеу және бекіту | облыстық дене шынықтыру және спорт басқармаларының бұйрығы | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, спорт түрлері бойынша федерациялар (келісім бойынша) | 2016 жылғы шілде | - | қаражат талап етілмейді |
15. | Денсаулықты нығайтуға және жан-жақты тәни дамуға бағытталған жастар арасындағы дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмысының кешенді іс-қимыл жоспарын әзірлеу және бекіту | облыстық дене шынықтыру және спорт басқармаларының бұйрығы | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, спорт түрлері бойынша федерациялар (келісім бойынша) | 2016 жылғы шілде | - | қаражат талап етілмейді |
16. | Ел өңірлерінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің жұмысына қойылатын талаптар жүйесін жетілдіру | МСМ-ге ақпарат | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2016 жылғы желтоқсан | - | қаражат талап етілмейді |
3. Жоғары жетістіктер спортын және спорт резервін даярлау жүйесін дамыту | ||||||
17. | "Жыл спортшысы" конкурсын өткізу | МСМ бұйрығы | МСМ | жыл сайын (қаңтар) |
2016 жылы – 5,1; | республикалық бюджет (036100 бюджеттік бағдарламасы) |
18. | Қазақстан Республикасы аумағындағы спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарға ұлттық құрама командалардың дайындығы және қатысуы | МСМ-ге ақпарат | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын (желтоқсан) |
республикалық бюджет: | республикалық бюджет (036100 бюджеттік бағдарламасы), жергілікті бюджет |
19. | Ұлттық құрама командалардың спорт түрлері бойынша Қазақстан аумағынан тыс халықаралық жарыстарға қатысуы | МСМ-ге ақпарат | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | жыл сайын (желтоқсан) |
республикалық бюджет: | республикалық бюджет (036100 бюджеттік бағдарламасы), жергілікті бюджет |
20. | Алматы қаласында өтетін 2017 жылғы XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық және оған қатысу | МСМ-ге ақпарат | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2016-2017 жылдардағы желтоқсан |
республикалық бюджет: | республикалық бюджет (036100 бюджеттік бағдарламасы), жергілікті бюджет |
21. | Жазғы және қысқы Олимпиада, Паралимпиада ойындарына дайындық және оған қатысу | МСМ-ге ақпарат | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2016 жылғы желтоқсан, 2018 жылғы желтоқсан |
республикалық бюджет: | республикалық бюджет (036100 бюджеттік бағдарламасы), жергілікті бюджет |
4. Дене шынықтыру инфрақұрылымын дамыту және ден шынықтыру және спорт қызметтері нарығын кеңейту | ||||||
22. | Елді мекендерде аула алаңдарында спорт аймақтарын (ашық жазық спорт құрылыстары) құру бойынша ұсыныстар енгізу | МСМ-ге ұсыныстар | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, спорт түрлері бойынша федерациялар (келісім бойынша) | 2016 жылғы желтоқсан | - | қаражат талап етілмейді |
23. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Ат спортынан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын "Ұлттық спорт түрлері орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны деп қайта атау туралы" қаулы жобасын әзірлеу | Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің қаулысы | МСМ | 2016 жылғы желтоқсан | - | қаражат талап етілмейді |
24. | Орта білім беру мектептерін кешенді спорт алаңдарымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау | МСМ-ге ақпарат | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2017 жылғы | - | қаражат талап етілмейді |
25. | Ел өңірлерінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу | МСМ-ге ұсыныстар | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2017 жылғы қараша | - | қаражат талап етілмейді |
26. | Елдің танымал туристік маршруттары картасына анағұрлым тартымды спорт объектілерін ықпалдастыру | ИДМ-ге ұсыныстар | МСМ | 2017 жылғы желтоқсан | - | қаражат талап етілмейді |
27. | Қазақстан Республикасының облыстарында жабық футбол алаңдарын (манеждер) салу мәселесін пысықтау | МСМ-ге ақпарат | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, Қазақстанның футбол федерациясы (келісім бойынша) | 2018 жылғы наурыз | - | қаражат талап етілмейді |
28. | МЖӘ тетігін қолдана отырып, спорт объектілерін, оның ішінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу мәселесін пысықтау | МСМ-ге ұсыныстар | МСМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, спорт түрлері бойынша федерациялар (келісім бойынша) | 2018 жылғы наурыз |
жергілікті бюджет: | жергілікті бюджет, жеке инвестициялар |
29. | МЖӘ тетігін қолдана отырып, спорт мүкәммалының отандық өндірісін іске қосу, спорт киімін тігу, брендтік және имидждік өнім шығару мүмкіндігін қарастыру | МСМ-ге ақпарат | ИДМ, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, спорт түрлері федерациялары (келісім бойынша) | 2018 жылғы наурыз | - | қаражат талап етілмейді |
30. | Демалыс және бос уақыт өткізу орындарында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған көше жаттығу құрылғыларын орнату мәселесін пысықтау | МСМ-ге ақпарат | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2018 жылғы наурыз | - | қаражат талап етілмейді |
5. Саланың заманауи ғылыми және кадр әлеуетін қалыптастыру | ||||||
31. | Спорт саласында дуальды оқыту қағидаттары негізінде үздіксіз кәсіби білім берудің тиімді жүйесін құру | МСМ-ге ақпарат | МСМ, ДСӘДМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері | 2016 жылғы желтоқсан | - | қаражат талап етілмейді |
32. | Кәсіптік стандарттарды қайта қарау және спорт және дене шынықтыру саласына талап етілетін мамандықтар бойынша жаңа кәсіби стандарттарды әзірлеу бойынша мәселені пысықтау | МСМ-ге ақпарат | ДСӘДМ, БҒМ, спорт түрлері федерациялары (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша) | 2017 – 2020 жылдар ішінде | - | қаражат талап етілмейді |
33. | Спорт резервін даярлау жүйесінің теориялық-әдістемелік және медициналық-биологиялық негіздері саласында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу мәселесін пысықтау | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | МСМ, БҒМ | 2018 жылғы наурыз | - | қаражат талап етілмейді |
6. Халықаралық өзара іс-қимыл | ||||||
34. | Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу | МСМ ақпараты | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" РММ (келісім бойынша) | жыл сайын (желтоқсан), 2018 жылдан бастап |
жергілікті бюджет: | жергілікті бюджет |
35. | "Ұлы Жібек жолы" халықаралық ралли гран-приін өткізу | МСМ-ге ақпарат | СІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, автомотоспорт федерациясы (келісім бойынша) | 2016 жылғы шілде | - | қаражат талап етілмейді |
36. | Астана қаласында 2018 – 2019 жылдары УЕФА Суперкубогы матчын өткізу бойынша ұсыныстар енгізу | МСМ-ге ұсыныстар | МСМ, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстанның футбол федерациясы (келісім бойынша) |
2017 жылғы наурыз | - | қаражат талап етілмейді |
37. | Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізінің кезең-кезеңмен ашылуына орайластырған Халықаралық велотур ұйымдастыру мүмкіндігін зерделеу | МСМ-ге ұсыныстар | МСМ, СІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, Велосипед спорты федерациясы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" РММ (келісім бойынша) | 2018 жылғы наурыз | - | қаражат талап етілмейді |
38. | "Астана-тур" халықаралық велосипед жарысын ұйымдастыру және өткізу мүмкіндігін қарау | МСМ-ге ақпарат | Астана қаласының әкімдігі, Велосипед спорты федерациясы (келісім бойынша) | 2018 жылғы наурыз | - | қаражат талап етілмейді |
39. | Дене шынықтыру және спортты дамытудың негізгі бағыттары бойынша халықаралық спорттық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту | МСМ-ге ақпарат | МСМ, СІМ, ҰОК (келісім бойынша), спорт түрлері федерациялары (келісім бойынша) | 2020 жылғы қаңтар | - | қаражат талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ДСӘДМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі
ИДМ – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
Қорғанысмині– Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" РММ – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі
МЖӘ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік
ҰКП – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
ҰОК – Ұлттық олимпиада комитеті