"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 279 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 189 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 279 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      реттік нөмірі 2-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «955 339,4»;
      реттік нөмірі 6-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «325 732».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов