"Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 857 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 165 қаулысы

Қолданыстағы

       Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 857 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 489-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесінде:
      реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов