Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 30, 297-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы - Қазақстан Республикасы азаматтарының күндізгі оқу нысаны бойынша шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында оқуы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын қызметкерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Конкурс жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне кіретін шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының және олардың жанындағы медициналық мекемелердің базасында басым мамандықтар тізбесіне сәйкес шетелдік ұйымдарда, сондай-ақ танымал әлемдік, өңірлік ғылыми-зерттеу орталықтарында, компанияларда және салалық ұйымдарда он екі айға дейінгі мерзіммен (тілдік курстардан өту мерзімдерін қоспағанда) Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан Республикалық комиссия айқындайтын қызметкерлер санаттарының тағылымдамадан өтуі мақсатында тағайындайды.»;
4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсыру кезінде Қазақстан Республикасы ұйымдарының Республикалық комиссия айқындаған қызметкерлер санатына жататын, кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде мамандығының таңдаған саласында соңғы 12 (он екі) ай жалпы жұмыс өтілі бар тағылымдамадан өтуге үміткерлерге (бұдан әрі - тағылымдамаға үміткерлер санаты);»;
11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құжаттар осы Қағидалардың талаптары мен шарттарына сәйкес келмеген және «электронды үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш берілген кезде құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Әкімші «электрондық үкімет» веб-порталы не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың талаптарға сәйкессіздігін жою және жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы дәлелді жауап береді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов