"Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 146 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 1844 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер міндеттемелерді орындау қамтамасыз етілмей бөлінуі мүмкін қаржы агенттіктерінің тізбесі мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов