Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесімен оларды қолдану қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 4 қарашадағы № 1152 "Кедендік баждарды төлеуді кейінгіге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 387 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 145 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі мен оларды қолдану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қарашадағы № 1152 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 59, 569-құжат);
      2) «Кедендік баждарды төлеуді кейінгі қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 387 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 48, 550-құжат).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов