Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі 2016 – 2017 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспар (бұдан әрі – Егжей-тегжейлі жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ
Егжей-тегжейлі жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:
1) Егжей-тегжейлі жоспар іс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жылына екі рет, 5 қаңтарға және 5 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне Егжей-тегжейлі жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жылына екі рет, 25 қаңтардан және 25 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Егжей-тегжейлі жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.
5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің корпоративтік басқару стандарттарын енгізу және Кеден одағы шеңберінде инвестициялық бизнес-ахуалды одан әрі жақсарту жөніндегі кешенді жұмыс жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 643 қаулысы;
2) «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің корпоративтік басқару стандарттарын енгізу және Кеден одағы шеңберінде инвестициялық бизнес-ахуалды одан әрі жақсарту жөніндегі кешенді жұмыс жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 643 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1092 қаулысы.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 24 ақпандағы
№ 103 қаулысымен
бекітілген
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі 2016 – 2017 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспар
Р/с |
Іс-шараның атауы |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1-бағыт: мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда корпоративтік басқаруды енгізу |
||||
1. |
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдарына сәйкес Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарға арналған корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
ҰЭМ бұйрығы |
ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша) |
2016 жылғы қыркүйек |
2-бағыт: инвестициялық ахуалдың тартымдылығын арттыру |
||||
2. |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ережеге оның инвестицияларды тарту бойынша бірыңғай жауапты орган ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысты өзгерістер енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы |
ИДМ |
2016 жылғы сәуір |
3. |
Трансферттік баға белгілеу саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
ИДМ-ге ұсыныстар |
Қаржымині, ҰЭМ, ИДМ, ҰКП (келісім бойынша) |
2016 жылғы 5 шілде |
4. |
ИДМ-мен келісу бойынша нақты мақсаттар мен көрсеткіштер көрсетілген инвесторларды тарту жөніндегі салалық және өңірлік жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын қабылдау |
министрліктер, ұйымдар мен өңірлер басшыларының бұйрықтары |
ИДМ, АШМ, ЭМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2016 жылғы сәуір, 25 желтоқсан, жыл сайын |
5. |
Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі үкіметтік кеңестің (инвестициялық штаб) шеңберінде стратегиялық инвесторларды, оның ішінде трансұлттық компанияларды/«зәкірлі инвесторларды» тарту жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИДМ, «Kaznex Invest» АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
25 қаңтар, 25 шілде, жыл сайын |
6. |
Инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестердің қызметін қамтамасыз ету |
ИДМ-ге ақпарат |
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
5 қаңтар, 5 шілде, жыл сайын |
7. |
Негізгі инвестор елдермен жасалған инвестициялық жобаларды мониторингтеу мен сүйемелдеуді қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИДМ, «Kaznex Invest» АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
25 қаңтар, 25 шілде, жыл сайын |
8. |
Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасына өндірістік қуаттарды көшіру жөніндегі бірлескен Қазақстан-Қытай бағдарламасының шеңберінде инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингтеуді жалғастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИДМ, «Kaznex Invest» АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
25 қаңтар, 25 шілде, жыл сайын |
9. |
Елдер мен өңірлер бойынша нақты жауапкершілікті белгілей отырып, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің инвестицияларды тарту және экспортты ілгерілету жөніндегі жұмысын жандандыру |
ИДМ-ге ақпарат |
СІМ, Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдері |
5 қаңтар, 5 шілде, жыл сайын |
10. |
Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын инвестициялар тарту бойынша негізгі басым елдерде инвестициялар жөніндегі арнайы кеңесшілерді кезең-кезеңмен тағайындауды қамтамасыз ету |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИДМ, СІМ |
2016 жылғы мамыр, 2016 жылғы қыркүйек, 2017 жылғы қаңтар |
11. |
Инвестициялар тарту бойынша негізгі басым елдерде Инвестицияларды тарту жөніндегі ұлттық оператордың өкілдіктерін/өкілдерін ашу бойынша жұмысты жалғастыру |
Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат |
ИДМ, «Kaznex Invest» АҚ (келісім бойынша) |
2016 жылғы мамыр, 2016 жылғы қыркүйек, 2017 жылғы қаңтар |
12. |
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдарына сәйкес тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі тәсілдерін әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ИДМ, «KaznexInvest» АҚ (келісім бойынша) |
2016 жылғы сәуір |
3-бағыт: инвесторлардың халықаралық коммерциялық төрелікке қолжетімділігін кеңейту |
||||
13. |
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанынан Халықаралық кеңес құру |
ведомстволық нормативтік құқықтық акт |
ЖС (келісім бойынша) |
2016 жылғы наурыз |
4-бағыт: көрсетілетін қызметтердің, тауарлар мен жұмыс күшінің жергілікті қамтылуына қойылатын талаптардың икемділігін және шынайылығын қамтамасыз ету |
||||
14. |
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шеңберінде жергілікті қамту бойынша қабылданған міндеттемелерді орындау жөніндегі жұмысты жалғастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИДМ, ДСӘДМ, ҰЭМ, ЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
25 қаңтар, 25 шілде, жыл сайын |
5-бағыт: мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту |
||||
15. |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің инфрақұрылымдық жобаларына инвесторлар тартуды қамтамасыз ету үшін жобаларды дайындау мен іске асыру ресімдерін оңайлату жөніндегі шаралар қабылдау |
ИДМ-ге ақпарат |
ҰЭМ, Қаржымині |
5 қаңтар, жыл сайын |
6-бағыт: зияткерлік меншік құқықтарын қорғау |
||||
16. |
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес Қазақстанда зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласын жақсарту жөніндегі шаралар қабылдау |
ИДМ-ге ақпарат |
Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар |
2016 жылғы 5 шілде, 2017 жылғы 5 қаңтар |
7-бағыт: бизнесті жауапты жүргізу практикасын дамыту |
||||
17. |
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдарына сәйкес Ұлттық байланыс орталығының қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ИДМ, ҰЭМ, ДСӘДМ, ЭМ, ҰКП (келісім бойынша) |
2016 жылғы 25 шілде |
8-бағыт: инвесторлардың жер ресурстарына қолжетімділігін кеңейту |
||||
18. |
Инвесторларға жер учаскелерін беру ресімдерін оңайлату жөніндегі шаралар әзірлеу |
ИДМ-ге ақпарат |
ҰЭМ, АШМ, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2016 жылғы 5 шілде |
19. |
Инвесторларға арналған жер учаскелері бойынша кадастрлық ақпаратты қамтитын мемлекеттік жер кадастрының дерекқорына барлық тұлғалардың ақысыз негізде қол жеткізу мүмкіндігін қарау: |
ИДМ-ге ақпарат |
ҰЭМ, ИДМ, ҰКП (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2016 жылғы 5 шілде |
9-бағыт: сауда саясатын ырықтандыру |
||||
20. |
Сауда операцияларына қызмет көрсету жөніндегі электрондық қызметтерді дамыту, кедендік деректерді автоматтандырылған өңдеу жүйесін енгізу жұмысын жалғастыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
25 қаңтар, жыл сайын |
21. |
Сыртқы экономикалық қызметтің жүзеге асырылуына бақылау жүргізу кезінде мүдделі мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың кейіннен пайдалануы үшін Бірыңғай өткізу арнасы арқылы стандартталған түрде бір мәрте құжат тапсыру функционалын іске асыру мақсатында «бір терезе» қағидатын құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ИДМ, Қаржымині, мүдделі мемлекеттік органдар |
2016 жылғы 25 шілде |
10-бағыт: инвесторларға әкімшілік және сыбайлас жемқорлық жүктемені төмендету үшін жағдай жасау, инвесторлардың ұлттық нарыққа шығуын неғұрлым тиімді сүйемелдеуді қамтамасыз ету |
||||
22. |
Инвесторларға арналған «бір терезе» қағидаты бойынша ИДМ-мен өзара іс-қимыл жасау арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ету |
ИДМ-ге ақпарат |
мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
5 қаңтар, 5 шілде, жыл сайын |
23. |
Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес жөніндегі Стамбул жоспарының ұсынымдарын орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдау |
ИДМ-ге ақпарат |
МҚІМ, ҰЭМ, Қаржымині, Әділетмині, ІІМ, ЭМ, БП (келісім бойынша) |
5 қаңтар, жыл сайын |
24. |
Шетелдік инвесторлар келуінің көші-қон бақылауын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
ИДМ-ге ұсыныстар |
ІІМ, ДСӘДМ, ИДМ, ҰЭМ, ҰҚК (келісім бойынша) |
2016 жылғы 5 шілде |
25. |
Шетелдік жұмыс күшін тарту ресімдерін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
ИДМ-ге ұсыныстар |
ДСӘДМ, ІІМ, ИДМ, СІМ, ҰЭМ, ҰҚК (келісім бойынша) ҰКП (келісім бойынша) |
2016 жылғы 5 шілде |
26. |
Неғұрлым дамыған елдердің азаматтары үшін бір жақты тәртіппен визасыз режимді орнату жұмысын жалғастыру |
ИДМ-ге ақпарат |
СІМ, ІІМ, ҰЭМ, БП (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша) |
5 қаңтар, жыл сайын |
11-бағыт: инвестицияларға арналған салық және кеден режимін жақсарту |
||||
27. |
Әзірленіп жатқан «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының шеңберінде салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау |
ИДМ-ге ақпарат |
Қаржымині, ҰЭМ, ИДМ, ҰКП (келісім бойынша) |
2016 жылғы 5 шілде |
28. |
Салықтар мен айыппұлдар ерікті түрде төленген жағдайда салықтық құқық бұзушылықтарды қылмыстық сипаттан арылту және салықтық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастау жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
ИДМ-ге ұсыныстар |
Қаржымині, ҰЭМ, БП (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша) |
2016 жылғы 5 шілде |
12-бағыт: Мемлекеттің экономикаға қатысуын және инвесторлар үшін кедергілерді азайту |
||||
29. |
Экономиканың негізгі салаларында кәсіпкерлер үшін бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді азайту не жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу |
ИДМ-ге ұсыныстар |
ҰЭМ, ИДМ, ЭМ, Қаржымині, ҰКП (келісім бойынша) |
2016 жылғы 5 шілде |
30. |
Қазақстандық және шетелдік инвесторлардың активтерді жекешелендіруге, квазимемлекеттік сектордан бәсекеге қабілетті ортаға беруге барынша қатысуы жөнінде шаралар қабылдау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИДМ, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
жыл сайын, 25 қаңтар |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
БП – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгi
ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi
Қаржыминi – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
МҚІМ – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ҰҚК – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
ҰКП – «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
«KaznexInvest» АҚ – «KaznexInvest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы