"Қазақстан Республикасының жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 52 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Қазақстан Республикасының жаңа технологиялар ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – мекеме) құрылсын.
      2. Мекемені қаржыландыру Республикасы Қаржы министрлiгiне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) мекеменің жарғысын бекiтсiн және оның әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов