Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 және "Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, орталық мемлекеттік органдардың қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 35 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 149-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесінде:
      1-тармақтың 5) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
      6-тармақтың бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның палаталарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік құқықтық актілерінің көшірмелерін мемлекеттік органның мөрімен расталған және Заңның 29-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде РҚАО-ға жібереді.»;
      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде және оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы министрлерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің көшірмелерін мемлекеттік органның мөрімен расталған және Заңның 29-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада олар алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде РҚАО-ға жібереді.»;
      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Осы Ереженің 7 және 8-тармақтарында көзделген электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерді РҚАО-ға жіберу мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйелері арқылы жүргізіледі.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Осы Ереженің 7 және 8-тармақтарында көрсетілген келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді Эталондық банкке енгізу олар РҚАО-ға келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;
      14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқықтық актілердің жекелеген бөліктерінің күші жойылды деп танылған не олардың қолданылуы тоқтатыла тұрған кезде, сондай-ақ олардың мәтініне енгізілетін нормалардың тұжырымын, актінің нысаны, қабылданған күні мен нөмірі туралы ақпаратты нақты көрсететін белгілер енгізіледі.»;
      2) «Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, орталық мемлекеттік органдардың қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 839-құжат):
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»;
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жариялану күні мен ақпараттық-құқықтық жүйенің атауын көрсете отырып, графикалық форматта қазақ және орыс тілдерінде түсетін, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін бес жұмыс күні ішінде ресми жариялауды;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов