"Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1363 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1171 қаулысы

Қолданыстағы

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1363 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 82, 710-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов