"Базалық лауазымдық жалақының, түзету коэффициентінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына арналған жоғарылату коэффициентінің мөлшерлерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1158 қаулысы

Қолданыстағы

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Базалық лауазымдық жалақының, түзету коэффициентінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына арналған жоғарылату коэффициентінің мөлшерлерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 38-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацындағы «1,35 мөлшерінде жоғарылату коэффициенті белгіленсін.» деген сөздер «1,35 мөлшерінде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне 1,30 мөлшерінде жоғарылату коэффициенті белгіленсін.».
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов