2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 84-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1149 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 84-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті қалыптастыру және бекіту тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);
2) реттеуші мемлекеттік органдар – мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын, реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған мемлекеттік органдар;
3) кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есеп (бұдан әрі – есеп) – мемлекеттік басқарудың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік органдар қалыптастырған есеп;
4) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есеп (бұдан әрі – жылдық есеп) – уәкілетті орган қалыптастырған есеп.
2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту тәртібі
3. Жылдық есепті уәкілетті орган реттеуші мемлекеттік органдардың есепті жылдан кейінгі жыл қорытындылары бойынша есептері негізінде қалыптастырады.
Есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарынан кешіктірмей реттеуші мемлекеттік орган есепті уәкілетті органға енгізеді және мынадай:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру құжаттары (рәсімдері) жөніндегі;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттық құралдар жөніндегі;
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзін-өзі реттеу құралдары жөніндегі;
5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа реттеу құралдарын енгізу және (немесе) реттеуді қатаңдату туралы ақпаратты қамтиды.
4. Реттеуші мемлекеттік органдардың ақпараты талдауға жатады және мыналарды қамтитын талдамалық жазбамен сүйемелденеді:
1) ұқсас өткен кезеңмен салыстырғанда ағымдағы ахуалды талдау;
2) мемлекеттік органның тиісті салаларында реттеу саясатының негізгі нәтижелеріне қорытынды (шолу) және мыналардан тұрады:
берілген рұқсат беру құжаттарының, тексерістерінің, санкцияларының санын қоса алғанда, қолданыстағы реттегіш құралдарының орындалуы туралы жалпы ақпарат. Мемлекеттік реттеудің орындалуын қамтамасыз етуге қатысатын штат қызметкерлерінің саны бойынша деректер;
3) тәуекелдерді бағалау жүйесін қолданудың тиімділігін талдау (мысалдар келтіре отырып);
4) сандық және сапалық (төмендету және арттыру) көрсеткіштердің серпіні;
5) кәсіпкерлік қызмет субьектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзе асыру нәтижесінде пайдалар мен шығындарға негізделген тұжырымдар, мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу нәтижелері;
6) мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар;
7) реттеуші мемлекеттік органдардың ақпараттық құралдары бойынша деректер;
8) саладағы өзін-өзі реттеу туралы ақпарат;
9) егер бар болса, тиісті саладағы кәсіпкерлік салада енгізілген реттеудің жүйелі реформалары туралы ақпарат және осы реформалар тиімділігін бағалауды келтіру;
10) қолданыстағы, күші жойылған немесе өзгерген реттеуші құралдарды қайта қарау жөніндегі мемлекеттік органдардың жоспарларын іске асыру жөніндегі ақпарат;
11) реттегіш құралдарды оңтайландырудан кейін жүргізілген қайта құрылымдау туралы ақпарат (бар болған жағдайда);
12) келесі жылға мемлекеттік органның реттеу қызметі саласында болжанатын реформалар жоспарлары.
5. Реттеуші мемлекеттік органдар есептерді уәкілетті органға енгізгеннен кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей оларды мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырады.
6. Уәкілетті орган күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей есептерді қарайды, егер ескертулер болған жағдайда, реттеуші мемлекеттік органдарға пысықтауға жолдайды.
Реттеуші мемлекеттік органдар күнтізбелік 10 күн ішінде есептерді пысықтайды және оларды уәкілетті органға жолдайды.
7. Нәтижесі бойынша уәкілетті орган күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей жылдық есепті қалыптастырады.
8. Жылдық есеп қалыптастырылған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде ол Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) қарауына шығарылады.
Жылдық есепті пысықтау бойынша ВАК ұсынымдары болған жағдайда, уәкілетті орган күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей оған тиісті түзетулерді енгізеді, одан кейін ВАК қарауына қайта шығарады.
9. Жылдық есепті ВАК мақұлдайды және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, ВАК төрағасы бекітеді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Рұқсат беру құжаттары (рәсімдері) жөніндегі ақпарат
_________________________________________________
(мемлекеттік органның/облыстың атауы)
1. | Рұқсат беру рәсімінің атауы | Нәтижесі бойынша рұқсат беру құжаты берілетін рәсімнің атауы, Мысалы: (1) Тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттау; (2) Медициналық қызметті лицензиялау; (3) Дәрілік заттарды тіркеу және т.б. |
2. | Рұқсат беру құжатының атауы | Рұқсат беру рәсімінің талаптарына сәйкес кәсіпкерлік субъектісіне немесе жеке тұлғаға берілетін құжаттың толық атауы көрсетіледі. Мысалы: (1) Тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттау туралы куәлік; (2) Медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензия; (3) Дәрілік заттарға арналған тіркеу куәлігі |
3. | Рұқсат беру құжатын (рәсімін) енгізу күні | Рұқсат беру құжатын беру рәсімін белгілейтін соңғы нормативтік құқықтық актінің қабылданған күні. Рәсімдегі өзгерістерді белгілейтін нормативтік құқықтық актінің қабылданған күні көрсетілмейді |
4. | Рұқсат беру құжаты қандай деңгейде беріледі | Орталық деңгейде ____ Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі ____ Жергілікті атқарушы орган _____ Мемлекеттік органға ведомстволық бағынысты ұйым филиалы (аумақтық бөлімшесі) ___ |
5. | Олардың негізінде рұқсат беру құжаты берілетін халықаралық шарттардың атауы және бап нөмірі | Оған сәйкес рұқсат беру құжаты енгізілген халықаралық шарттың толық атауы жазылады, рұқсат беру құжатын енгізудің қажеттілігін анықтайтын халықаралық шарт бабының (баптарының) және (немесе) бөлімінің (бөлімдерінің) нөмірі және (немесе) атауы жазылады |
6. | Олардың негізінде рұқсат беру құжаты берілетін Қазақстан Республикасының Кодекстері мен Заңдарының, Президенті Жарлықтарының бабының және тармағының, тармақшасының атауы, нөмірі Үкімет қаулыларының атауы, мемлекеттік органдар бұйрықтарының немесе басқа нормативтік-құқықтық актілерінің атауы | Оған сәйкес рұқсат беру құжаты енгізілген Қазақстан Республикасы Заңының толық атауы жазылады, рұқсат беру құжатын енгізудің қажеттілігі белгіленген Қазақстан Республикасының Заңы бабының (баптарының) нөмірі жазылады |
7. | Рұқсат беру құжатының енгізілуімен шешілуге тиіс проблеманың немесе бүгінгі таңда шешіліп жатқан проблеманың сипаты | Рұқсат беру құжаты шешетін немесе шешуге бағытталған проблеманы сипаттау Қазақстан Республикасының заңнамасында және нормативтік құқықтық актілерде декларацияланған рұқсат беру құжатын енгізу мақсаттарымен сәйкестендірілуі тиіс. Осы бөлікте проблеманы сипаттау декларативті болмай, рұқсатты енгізудің (қолданудың) декларацияланатын мақсаты мен рұқсат арқылы оған қол жеткізу тетіктері арасындағы себеп-салдарлық байланысты көрсететін дәлелді жауап беруге тиіс. |
8. | Рұқсат беру құжатын беру кезінде тәуекелдерді талдау жүйесі пайдаланыла ма | Жоқ, егер рұқсат беру құжатын беру кезінде тәуекелді талдау жүйесі пайдаланылмаса. Мұндай жүйе жоспарлау мен тексерістерді жүргізу кезінде бар болса да, бірақ ол рұқсат беру құжаттарын беру кезінде пайдаланылмаса, Жоқ жолағы белгіленеді. Иә, егер рұқсат беру құралын беру кезінде тәуекелді талдау жүйесі пайдаланылса. Бұл жағдайда, "Қалайша" бағанында берілетін рұқсат беру құжатының санаттарын атап өту қажет (объектілер, субъектілер және өзгесі) |
9. | Заңнамада өтініш берген сәттен бастап рұқсат беру құжатын берудің ең жоғары мерзімдері көзделген бе | Жоқ____ Иә____ Күндер саны____ Жұмыс күндері пайдаланылады ма ___ күнтізбелік күндер ___ |
10. | Рұқсат беру құжатын беру үшін төлемақы алына ма. Егер алынса, оның мөлшерін көрсетіңіз. | Жоқ____ Иә ____ бағасы______Тг./аек/өзге |
11. | Рұқсат беру құжатының қолданылу мерзімі (ол қандай кезеңге беріледі) | Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес рұқсат беру құжатының қолданылуының барлық ықтимал мерзімі көрсетіледі. Мысалы, егер мемлекеттік орган рұқсат беру құжаттарын бір жылға немесе 3 жылға, немесе 15 жылға берген жағдайда "1 жылдан 15 жылға дейін" белгісі қойылады. Егер рұқсат беру құжатының қолданылу мерзімі шектелмеген болса, "шектелмеген" деген белгі қойылады |
12. | Есепті кезеңге берілген аталған түрдегі/кіші түрдегі рұқсат беру құжаттарының саны | Есепті кезеңде мемлекеттік орган берген барлық рұқсат беру құжаттарының саны көрсетіледі |
13. | Соңғы жылда рұқсат беру құжатының талаптарына сәйкестілікті тексерулер саны | Жоспарлы және жоспарлы емес тексерістер жеке көрсетіледі |
14. | Соңғы жылда анықталған бұзушылықтар саны | |
15. | Соңғы жылда анықталған бұзушылықтар үшін салынған айыппұл санкцияларының саны және айыппұлдардың жалпы сомасы | Салынған айыппұлдардың саны ____ Айыппұлдар үшін алынған төлемдердің жалпы сомасы___тг. |
16. | Соңғы жылда тоқтатылған немесе күші жойылған рұқсат беру құжаттарының саны | Тоқтатылған және жойылған құжаттар жеке көрсетіледі (қайтарылған, күші жойылған және өзгелері) |
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларына 2-қосымша |
1-нысан
Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын реттеуші мемлекеттік органның ақпараты
______________________________________________________________(мемлекеттік органның атауы)
№ | Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласы | Кәсіпкерлік субъектілері санаттар бойынша бөліністе | Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ерекше тәртіппен жүргізілген тексерулер саны | Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ішінара жүргізілген тексерулер саны | Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс жүргізілген тексерулер саны* | Кәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы жүргізілген бақылаудың басқа да нысандарының саны | Тексеру нәтижесінде бұзушылықтар бойынша анықталған тексерулер саны | Тексерулер нәтижесі бойынша салынған әкімшілік жазалар саны және тексерулер қорытындылары бойынша салынған әкімшілік айыппұлдар сомасы | Тексерулер тағайындау туралы тіркеуден бас тартылған актілер саны | Тексеру жүргізу тәртібінің бұзылуына және олардың нәтижесіне берілген қанағаттандырылған шағымдар саны (қанағаттандырылған шағымдар бойынша жауапқа тартылған лауазымды тұлғалар саны) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
шағын кәсіпкерлік субъектілері | ||||||||||
микрокәсіпкерлік субъектілері | ||||||||||
орта кәсіпкерлік субъектілері | ||||||||||
... | ірі кәсіпкерлік субъектілері | |||||||||
Барлығы: |
2-нысан
№ | Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласы | ТБЖ бірлескен бұйрықтарының бекітілген күні және атауы (өлшемшарт және тексеру парақтары) | Есепті кезеңде ТБЖ бірлескен бұйрықтарына (өлшемшарттар мен тексеру парақтары) өзгерістер мен толықтырулар енгізу (бар болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықтың нөмірі мен күні көрсетілсін) | Есепті кезеңде тексеру парақтары талаптарының азаюы немесе көбеюі (негіздемелерімен қоса қысқартылған немесе қосылған талаптар саны) | Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында міндетті ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері орналастырылған күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
2. | |||||
3. | |||||
... |
* Реттеуші мемлекеттік органның есебі реттеуші мемлекеттік органның құзыретіне және 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 138 және 139-баптарына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау салалары бөлінісінде толтырылады және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әр саласын талдауға арналған.
* Кәсіпкерлік субъектілеріне жоспардан тыс жүргізілген тексерулер саны Кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген негіздемелер бөлінісінде ұсынылады.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Ақпараттық құралдар жөніндегі мәліметтер
_________________________________________________
(мемлекеттік органның/облыстың атауы)
Ақпараттық құралдар құжаттарды, хабарламалар мен анықтамаларды, салық, қаржы және басқа есептілікті ұсынуды, өнім құрамын декларациялауды, банкроттық туралы деректерді жариялауды, кәсіпорын меншігін өзгертуді және басқасын қамтиды.
№ | Есептіліктің атауы | Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементіне сілтеме | Есептілікті ұсыну мерзімділігі | Есептілікті ұсыну нысаны (эл.формат/қағаз) | Есептілікті ұсыну мақсаты | Есептілікті ұсынатын субъект | Есептілікті оңтайландыру мүмкіндігі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | |||||||
2 | |||||||
… |
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Өзін-өзі реттеу құралдары жөніндегі ақпарат
_________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
1. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қауымдастық (одақ) нысанындағы немесе өзге ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдардың, оның ішінде, талданатын саладағы ерікті өзін-өзі реттеу ұйымдарының саны және олардың қызметінің тиімділігі | |
2. | Реттеуші мемлекеттік органдар орындайтын, берілуі ықтимал функциялар тізбесі | |
3. | Өзін-өзі реттеу ұйымы қызметінің тиімділігі |
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті әзірлеу және бекіту қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Енгізілген жаңа реттегіш құралдар және реттеуді қатаңдату туралы ақпарат
_________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
1. | Енгізілген жаңа реттегіш құралдың және (немесе) реттеуді қатаңдатудың атауы | Мысал: Энергоаудиторға үміткерлерді аттестаттауды енгізу |
2. | Оның шеңберінде жаңа реттегіш құралды және (немесе) реттеуді қатаңдатуды енгізу көзделген заңнамалық актінің атауы | Мысал: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалык актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚРЗ |
3. | Жаңа реттегіш құралды және (немесе) реттеуді қатаңдатуды енгізу күні | Мысал: 2015 жылғы 17 қараша |
4. | Жаңа реттегіш құралды енгізу және (немесе) реттеуді қатаңдатуды енгізудің мақсаты | Мысал: Жүргізілетін энергоаудиттің сапасын жақсарту және дербес жауаптылық белгілеу |
5. | Енгізілген жаңа реттегіш құрал және (немесе) реттеуді қатаңдату шешетін проблеманың сипаттамасы | Мысал: Электр және жылу энергиясын босатудың отын-энергетикалық ресустарының жоғары үлестік шығыстары. Электр және жылу энергиясын тасымалдау кезіндегі жоғары шығындар. Қолданыстағы жабдықтың энерготиімділігінің қанағаттанарлықсыз болуы. Энергия сақтаудың әлеуетін есептеу және іс-шара жоспарларын әзірлеу қиындығы |
6. | Енгізілген жаңа реттегіш құралдың және реттеуді қатаңдатудың тиімділігін бағалау мүмкіндігі | Мысал: 1) 2017 жылға қарай білікті энергоаудиторлардың деңгейін арттыру 2) 2017 жылға қарай сапалы энергоаудит жүргізу |
7. | Рұқсат беру құжатын жою салдары | Мысал: Рұқсат беру құжаттарын жою жүргізілетін энергоаудит жағдайының нашарлауына әкеп соғады |