Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Маңғыстау өнеркәсіптік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын;
2) серіктестікті таратудан кейін қалған мүлікті республикалық меншікке қабылдасын.
3. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат) мынадай өзгерістер енгізілген:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Маңғыстау облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 235-жол алып тасталсын.
4. «Маңғыстау облысының өнеркәсіптік кешенін қайта құрылымдау жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 ақпандағы № 83 қаулысының 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов