Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірі 336-жол алып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
115) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«115) ұйым стандарттарын, консорциум стандарттарын және әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды қоспағанда, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың ресми басылымдарын тарату, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;»;
157) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«157) жер қойнауын зерделеу және пайдалану саласындағы, сондай-ақ уран мен көмірді қоспағанда, жерасты суларына, емдік балшықтар мен қатты пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану саласындағы және мұнай операцияларын жүргізу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту;»;
259) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«259) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен қозғалу үшін арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту;»;
288) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«288) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;»;
612) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«612) халықаралық стандарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерінің таңбалануын айқындау;»;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі және оның ведомстволары» деген 1-бөлімнің «Акционерлік қоғамдар» деген кіші бөліміндегі 1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне» деген бөлімде:
«Акционерлік қоғамдар» деген кіші бөлімнің 3-тармағы алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов