Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және оның саудасы жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1058 қаулысы

Қолданыстағы

      «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және оның саудасы жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып айқындалсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов