Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 1049 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қорғас» кедені» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қордай» кедені» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі» деген 1-бөлімде:
      56 және 92-тармақтар алып тасталсын.
      3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 25 тамыздағы № 965 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 730-құжат) 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов