Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2021 № 954 қаулысымен.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі!
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесінде:
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) веб-камерасы бар ноутбук;";
4) тармақша алып тасталсын;
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тифлотаяқтар;";
2) тармақша алып тасталсын;
4) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук;";
"8) дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұтқыр телефондар;".
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |