"Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1030 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 759 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 759 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлері (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды.";

      2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Ережеде" деген сөз "Қағидаларда" деген сезбен ауыстырылсын;

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының "Өркен" білім беру гранты (бұдан әрі - грант) - "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында (бұдан әрі - мектеп) дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын грант;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. "Білім беру ұйымдарының оқушылары болып табылатын, Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының 7-9 және 11-сыныптарында оқуға үміткер және жұмыс органы айқындаған талаптарға сәйкес құжаттар берген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі - үміткерлер) конкурсқа қатысуға жіберіледі.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. 8-9 және 11-сыныптарда оқуға үміттенетін білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған конкурс екі кезеңнен тұрады және жұмыс органы айқындайтын тәртіппен өткізіледі.";

      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Комиссия нақты мектептер бойынша бөлінген гранттар шегінде екінші кезең нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған 8-9 және 11-сыныптарда оқуға үміткерлерге грант тағайындайды.";

      16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша әрбір пән бойынша ықтимал ең жоғары балдың отыз бес және одан да көп пайызын жинаған, бірақ бос орындардың болмауына байланысты мектепке қабылданбаған 8-9 және 11-сыныптарда оқуға үміткерлер резервтік тізімге енгізіледі.";

      17-тармақта:

      екінші абзацтағы "Ереженің" деген сөз "Қағидалардың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-9 және 11-сыныптарда оқу үшін резервтік тізімнен кандидатты айқындау кезінде екінші кезеңнің қорытындысы бойынша балл саны тең болған жағдайда үміткерлерге грант осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тәртіппен тағайындалады.";

      ескертпе* мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: *дәлелді себептерге сырқаттану, жақын туыстарының қайтыс болуы, еңсерілмейтін күш мән-жайлары (форс-мажор), оқушының шет елге оқуға кетуі жатады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Гранттың мөлшерлері:

      1) жатақханада тұруды есептемегенде жылына 1 656 433 (бір миллион алты жүз елу алты мың төрт жүз отыз үш) теңгені;

      2) жатақханада тұруды есептегенде жылына 2 554 900 (екі миллион бес жүз елу терт мың тоғыз жүз) теңгені құрайды.

      Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов