Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 751 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
мына:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы ақпараттық қызметі» деген жол алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланысты қамтамасыз ету орталығы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі»;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланысты қамтамасыз ету орталығы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы техникалық әзірлемелер орталығы»;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің орталық аппараты» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі»;
2) «Тұрғын жайларды күтіп ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставалары мен комендатуралардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1293 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1079- құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тұрғын жайларды күтіп ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставалары мен комендатуралардың тізбесінде:
«2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген бөлімдегі:
мына:
«
№ 45 әскери қалашық, Алматы облысы, Алматы қаласы, Медеу ауданы |
Жабық |
2466 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
№ 45 әскери қалашық, Алматы облысы, Іле ауданы Қараой кенті. |
Жабық |
2466 |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов