Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 960 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 28 қарашадағы
№ 960 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 873 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 50, 680-құжат).
      2. «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 57-құжат).
      3. «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 6, 58-құжат).