Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«35) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру және сақтау тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
170) тармақшаның он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын;»;
мынадай мазмұндағы 404-1) және 404-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«404-1) мақта нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асырады;
404-2) шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісін анықтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
17-тармақта:
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) Қазақстан Республикасында және басқа да мемлекеттерде карантиндi объектiлердiң болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен iс-шаралар туралы дерекқор құрады, ақпаратты ресми интернет-ресурста орналастырады және сұрау салу бойынша оны мүдделi адамдарға бередi;»;
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«40) уәкілетті ұйымда импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантиндi объектiлермен және бөтен тектi түрлермен жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов