Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес дәрілік препараттарды бақылаудан алу ережесін және көрсетілген препараттардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 413 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 16, 184-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, олардан көрсетілген құралдар мен заттар оңай қол жеткізілетін тәсілдермен алынуы мүмкін емес және Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын дәрілік препараттардың тізімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 44, 45, 46-жолдармен толықтырылсын:
«
44. |
Валордин |
100 мл препаратқа құрамы, г-да: |
Ішуге қолдануға арналған тамшылар 25 мл, 50 мл |
III кесте |
45. |
Терасил-Дтм |
100 мл препаратқа құрамы, мг-да: |
Сауыттағы шәрбат 100 мл |
II кесте |
46. |
Корвалол® |
1 таблеткаға құрамы, мг-да: |
№ 10, № 30, № 50 таблеткалар |
III кесте |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов