"Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 177 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 837 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 177 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 14, 123-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов