Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 52, 738-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Туу туралы куәлікті азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – тіркеуші орган) ресімдейді және береді.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Туу туралы куәліктің нысаны «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілген».».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов