Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 35-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 99-жолмен толықтырылсын:
«
99 |
Қазақстан Республикасының әр өңірінен шыққан дарынды балаларды республикалық физика-математика мектебінде оқыту |
Қазақстан Республикасының дарынды балаларын мамандандырылған жалпыға білім беру оқу бағдарламалары мен балаларға арналған қосымша білім беру оқу бағдарламалары бойынша оқыту жөнінде білім беру қызметтерін ұсыну |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
«Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ |
009 «Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу» |
302 260 |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов