Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Фильтрлі 20 (жиырма) сигаретке:
1) 2015 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін – екі жүз жиырма теңге мөлшерінде;
2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап екі жүз қырық теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов