2015 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 807 қаулысы

Қолданыстағы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2015 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп, тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
      3. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы қаулыға қол қойылған сәттен бастап бір ай мерзімде стратегиялық жоспарларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2015 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 807 қаулысына     
қосымша         

2015 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету

мың теңге

Функционалдық топ

Атауы

Өзгерістер (+/-)


Әкімші



Бағдарлама

1

2

3

4

5




II. Шығындар

0

3



Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

- 77 992


502


Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

- 77 992



001

Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға тәуелді актілердің дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру

- 77 992

4



Білім беру

77 992


201


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

119 790



021

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кадрларын оқыту, біліктілігін арттыру және қайта даярлау

119 790


502


Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

1 018 934



018

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату және жоғары білімнен кейінгі білім беру

1 018 934


622


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

-1 060 732



005

Жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлау

-1 060 732