"Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 798 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 24-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесінде:
      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институтының өкілдері, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) басшылары санынан қалыптасады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов