«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі:
1) мына:
сот-сараптама қызметімен айналысуға;
адвокаттық қызметпен айналысуға;
нотариаттық қызметпен айналысу құқығына;
мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;
зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиар;
2) мына:
сот сарапшысы біліктілігін беру жөнінде;
сот сарапшысын аттестаттау жөнінде;
мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін біліктілік емтиханын өткізу жөнінде;
зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін біліктілік емтиханын өткізу жөнінде екінші санатты рұқсат беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.
2. Аумақтық әділет органдары:
адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауды өткізу жөнінде;
нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауды өткізу жөнінде екінші санатты рұқсат беруге уәкілетті органдар болып айқындалсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов