РҚАО-ның ескертпесі!
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2015 – 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 35-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 34-1-жолмен толықтырылсын:
«
34-1 |
АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-тің профилактикасын, диагностикасын және емдеуді ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасындағы АИТВ-инфекциясының жағдайлары мен таралуын эпидемиологиялық қадағалау, эпидемиологиялық ахуалды бағалау және талдау. АИТВ-инфекциясының профилактикасы, диагностикасы және емдеу мәселелері жөніндегі ЖИТС орталықтарының, медициналық және қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру және ұйымдастыру-әдістемелік басшылық ету. АИТВ және ЖИТС-байланысқан инфекцияларын скринингтік, референс зерттеулерді орындау. Ғылыми-зерттеу жұмысы, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі |
«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК |
011 «Жергілікті деңгейде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету» 100 «Мамандандырылған медициналық көмек көрсету» |
101 057 |
».
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов