"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 453 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 769 қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 – 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 453 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 – 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы:
      мына:
      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 – 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Магистратураға қабылдау

Атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы

Оқу жылы ішінде 1 магистрантты оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)

Ұлттық ЖОО

Басқа ЖОО

2015 жылдың 4 айына

2016 жылдың 8 айына

2015 жылдың 4 айына

2016 жылдың 8 айына

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)

300

315,0

630,1

260,2

520,3

Барлығы

300





                                                                  »;

      деген бөлімнен кейін:
      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 – 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

Магистратураға қабылдау

Коды

Мамандықтар топтарының атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы

Жылына 1 магистрантты оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)

6М030100

Құқықтану

10

2411,1

6М030300

Құқық қорғау қызметі

17

2411,1


Барлығы

27


                                                                »;

      мына:
      «Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының PhD докторантурасына қабылдау

Мемлекеттік білім беру тапсырысы

Жылына 1 білім алушыға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)

2015 жылғы 4 айға

2016 жылғы 8 айға

12

1 733,9

3 467,8

                                                                »

      деген бөлімнен кейін:
      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
      «Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының PhD докторантурасына қабылдау

Коды

Мамандықтар топтарының атауы

Мемлекеттік білім беру тапсырысы

Жылына 1 білім алушыға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)

6D030300

Құқық қорғау қызметі

3

2664,2


Барлығы

3



                                                                ».

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов