Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 766 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1403 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 83-84, 724-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) арнаулы ғылыми білім құралдарымен қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот-медициналық, сот-наркологиялық сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ сот-медициналық, сот-наркологиялық сараптамалар мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысаны болып белгіленсін.».
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицина орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жарғысына өзгерістер енгізсін және оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге берсін, оның Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов