Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 740 қаулысы

Қолданыстағы

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 36-бабының 20-2) тармақшасына және «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйым болып айқындалсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов