Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тауардың шығарылған елін айқындау, шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2014 жылғы 16 шілдедегі № 793 және "Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындау және қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігі декларацияларын әзірлеу қағидаларын, қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы" 2014 жылғы 31 шілдедегі № 864 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 627 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Тауардың шығарылған елін айқындау, шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 793 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 46-47, 462-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органды (ұйымды) айқындау туралы»;
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      2-тармақ алып тасталсын;
      2) «Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындау және қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігі декларацияларын әзірлеу қағидаларын, қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 864 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 496-құжат):
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы»;
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 76-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ»:;
      1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов