Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін лицензиар етіп айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 589 қаулысы

Қолданыстағы

      «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
      1) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, жасау, жөндеу және өткізу;
      2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру);
      3) ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып белгіленсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лицензиялау саласындағы кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 223 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 330-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық кауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 600 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 37, 362-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов