Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 585 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемелері қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Мәдени және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорындар) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі кәсіпорындарға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы;
      2) кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы мәдениет саласындағы қызмет болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
      2) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 24 шілдедегі
№ 585 қаулысына   
      қосымша        

Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кэсіпорнына.
      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
      6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 24 шілдедегі
№ 585 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 25-22-1, 25-22-2, 25-22-3, 25-22-4, 25-22-5 және 25-22-6-жолдармен толықтырылсын:
      «25-22-1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      25-22-2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      25-22-3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      25-22-4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      25-22-5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      25-22-6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.».
      2. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      3-бөлімде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолдағы: «3768» деген сандар «3534» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелер, оның ішінде»: деген жолдағы: «3482» деген сандар «3248» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 1), 2), 3), 4), 5) және 6) жолдар алып тасталсын.
      3. «Мемлекеттік театрларды, мүражайларды, концерт және мәдени-демалыс ұйымдарын субсидиялау мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 1211 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 58, 823-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты залалды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу қағидаларына 4-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8, 9, 10, 11, 12 және 13-жолдармен толықтырылсын:
«8.  «Отырар мемлекеттік археологиялық
     қорық-мұражайы» РМҚК                              90 %
9.   «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және
     табиғи қорық-мұражайы» РМҚК                       95 %
10.  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-
     мәдени қорық-мұражайы» РМҚК                       80 %
11.  «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік
     тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық              95 %
     қорық-мұражайы» РМҚК
12.  «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік          95 %
     тарихи-мәдени қорық-мұражайы» РМҚК
13.  «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени               97 %
     және табиғи қорық-мұражайы» РМҚК
      4. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 61, 62, 63, 64, 65 және 66-жолдармен толықтырылсын:
      «61. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      62. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      63. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      64. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мүражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      65. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      66. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.»;
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі» деген бөлімде реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5 және 6-жолдар алып тасталсын.