Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 547 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
«Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
(бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта аталсын.
      2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов