"2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 510 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» деген 8-функционалдық топта:
      240 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт және министрлігі» деген әкімші бойынша:
      023 «Спорт объектілерін салу, реконструкциялау» деген бағдарламада:
      «2015 жыл» деген бағанда:
      «Алматы облысы» деген жолдағы «1 278 946» деген сандар «678 946» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Алматы облысында республикалық олимпиадалық даярлық базасын салу» деген жолдағы «1278 946» деген сандар «678 946» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Астана қаласы» деген жолдағы «488 163» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
      «Астана қаласында көп функционалды «Олимпиадалық даярлау орталығы» спорт кешенін салу (сыртқы инженерлік желісіз)» деген жолдағы «488 163» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«





Ақмола облысы

1 088 163







Ақмола облысы Щучинск қаласында республикалық
шаңғы спорты
базасын салу (I және II кезектер)

1 088 163



»;

      2) көрсетілген қаулыға 35-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 45-1-жолмен толықтырылсын:
«

45-1.







Әдіснамалық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер

«Қазақ ұлттық хореография академиясы» КЕАҚ білім беру қызметіне енгізуге ұсынылып отырған өнер мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі




«Қазақ ұлттық хореография академиясы» КЕАҚ


030 «Мәдениет, өнер және спорт салаласын әдіснамалық қамтамасыз ету»

98 986








      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов