Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 502 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 217-2-жол алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы кіші бөлім мен реттік нөмірі 217-15-жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне
      217-15. «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ»;
      «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» деген бөлімде:
      мынадай мазмұндағы кіші бөлім мен реттік нөмірі 27-4-жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
      27-4. «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамы 100%»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 12-жол алып тасталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов