«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 16 маусымдағы
№ 435 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 581 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 503-құжат).
2. «Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 581 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 981 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 54, 766-құжат).
3. «Жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 139 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 244-құжат).
4. «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 маусымдағы № 720 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 578-құжат).
5. «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 720 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1144 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 851-құжат).