Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 425 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Mинистрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 9 маусымдағы
№ 425 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақтағы орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2) және 11-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

      11-2) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады;

      11-3) қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;".

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақтағы ведомстволардың функциялары мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2) және 16-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

      16-2) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады;

      16-3) жастар арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;".

      3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;";

      5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметті ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 5-5), 5-6) және 5-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-5) мемлекеттік жастар саясаты және білім беру мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      5-6) мемлекеттік жастар саясаты және білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      5-7) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;";

      50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "50) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 50-1), 50-2), 50-3) және 50-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "50-1) әкімдіктер жанындағы жастар істер жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;

      50-2) республикалық жастар форумын өткізу тәртібін және өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды әзірлеу және бекіту;

      50-3) жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;

      50-4) "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін әзірлеу;";

      73) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "73) "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын дайындау және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;";

      мынадай мазмұндағы 73-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "73-1) жастардың волонтерлік қызметін дамытуға жәрдемдесу;";

      ведомствоның функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 42-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "42-1) жастар ұйымдарымен ғылым мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;".

      4. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 243-1), 243-2), 243-3) және 243-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "243-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

      243-2) жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде шаралар қолданады;

      243-3) жастар ұйымдарымен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      243-4) жастар арасында қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;".

      5. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

      6. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды, оның ішінде жастар ұжымдарын іздестіру мен қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 96-1) және 96-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "96-1) жастар ұйымдарымен мәдениет мәселелері бойынша өзара іс- қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      96-2) жастардың мәдениет мәселелері жөніндегі бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;";

      17-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) жастар ұйымдарымен дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      8-2) жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен діни төзімділікті нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      8-3) қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) жастар арасында дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      10-2) жастар арасында конфессияаралық келісім мен діни төзімділікті нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) конфессияаралық келісім мен діни төзімділікті нығайту бойынша жастар арасында түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 48-1) және 48-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "48-1) жастардың қатысуымен спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша жарыстар өткізу;

      48-2) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, саламатты өмір салты қағидаттарын, оның ішінде жастар арасынан жоғары дәрежедегі спортшылардың қатысуымен насихаттауды жүзеге асыру;".

      7. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 17.02.2017 № 71 қаулысымен.

      8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;";

      мынадай мазмұндағы 141-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "141-1) жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті дамыту жөнінде шаралар әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 144-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "144-1) жастар ұйымдарымен жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;".