Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 425 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 9 маусымдағы
№ 425 қаулысымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақтағы орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2) және 11-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «11-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
      11-2) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады;
      11-3) қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;».
      2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақтағы ведомстволардың функциялары мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2) және 16-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
      16-2) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады;
      16-3) жастар арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;».
      3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      орталық аппараттың функцияларында:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;»;
      5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметті ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 5-5), 5-6) және 5-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-5) мемлекеттік жастар саясаты және білім беру мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      5-6) мемлекеттік жастар саясаты және білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;
      5-7) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;»;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;»;
      50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «50) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 50-1), 50-2), 50-3) және 50-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «50-1) әкімдіктер жанындағы жастар істер жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
      50-2) республикалық жастар форумын өткізу тәртібін және өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды әзірлеу және бекіту;
      50-3) жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
      50-4) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін әзірлеу;»;
      73) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «73) «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын дайындау және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;»;
      мынадай мазмұндағы 73-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «73-1) жастардың волонтерлік қызметін дамытуға жәрдемдесу;»;
      ведомствоның функцияларында:
      мынадай мазмұндағы 42-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «42-1) жастар ұйымдарымен ғылым мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;».
      4. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақ мынадай мазмұндағы 243-1), 243-2), 243-3) және 243-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «243-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
      243-2) жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде шаралар қолданады;
      243-3) жастар ұйымдарымен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      243-4) жастар арасында қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;».
      5. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ережеде:
      17-тармақ мынадай мазмұндағы 358-1), 358-2) және 358-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «358-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
      358-2) жастар ұйымдарымен бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      358-3) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру;».
      6. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;»;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды, оның ішінде жастар ұжымдарын іздестіру мен қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 96-1) және 96-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «96-1) жастар ұйымдарымен мәдениет мәселелері бойынша өзара іс- қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      96-2) жастардың мәдениет мәселелері жөніндегі бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;»;
      17-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-1) жастар ұйымдарымен дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      8-2) жастар ұйымдарымен конфессияаралық келісім мен діни төзімділікті нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      8-3) қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10-1) жастар арасында дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;
      10-2) жастар арасында конфессияаралық келісім мен діни төзімділікті нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «21-1) конфессияаралық келісім мен діни төзімділікті нығайту бойынша жастар арасында түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 48-1) және 48-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «48-1) жастардың қатысуымен спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша жарыстар өткізу;
      48-2) дене шынықтыру және спорт саласындағы білім мен жетістіктерді, саламатты өмір салты қағидаттарын, оның ішінде жастар арасынан жоғары дәрежедегі спортшылардың қатысуымен насихаттауды жүзеге асыру;».
      7. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 551-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
      12-2) жастар арасында денсаулық сақтау және саламатты өмір салтын насихаттау мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 76-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «76-1) жастарды жұмысқа орналастыруға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнінде шаралар әзірлеу;»;
      мынадай мазмұндағы 138-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «138-1) жастар ұйымдарымен денсаулық сақтау, жастарды жұмысқа орналастыруға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 141-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «141-1) «Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық порталының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;».
      8. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 141-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «141-1) жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті дамыту жөнінде шаралар әзірлеу;»;
      мынадай мазмұндағы 144-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «144-1) жастар ұйымдарымен жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;».