«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 211-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлері айқындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 404 қаулысына
1-қосымша
Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлері
Р/с |
Мүліктің атауы |
1 |
2 |
1 |
Жер учаскелерін және көпжылдық екпелерді қоспағанда, жылжымайтын мүлік, аяқталмаған құрылыс объектілері |
2 |
Көлік |
3 |
Этил спирті және алкоголь өнімі |
4 |
Темекі және темекі бұйымдары |
5 |
Өнеркәсіп тауарлары |
6 |
Мұнай және оның өңделген өнімдері |
7 |
Бағалы қағаздар, жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері |
8 |
Техникалық құрылғылар |
9 |
Бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 404 қаулысына
2-қосымша
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлері
Р/с |
Мүліктің атауы |
1 |
2 |
1 |
Жер учаскелері және көпжылдық екпелер |
2 |
Жануарлар, жануарлардан алынатын шикізат |
3 |
Жемшөп |
4 |
Азық-түлік тауарлары |
5 |
Астық |
6 |
Ағаш материалдары |
7 |
Дәрілік заттар |
8 |
Минералды шикізат, пайдалы қазбалары |
9 |
Агрохимикаттар, пестицидтер |