"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын иеленушіге берілген мемлекеттік грантты жұмсау бағыттарын айқындау және "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 235 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 384 қаулысы

Қолданыстағы

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы
Заңының 53-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленушіге берілген мемлекеттік грантты жұмсау бағыттары:
      1) ғылыми зерттеулер жүргізу;
      2) шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтар мен зертханаларда тағылымдамадан өтуді қоса алғанда, біліктілігін арттыру;
      3) ғылыми әдебиеттерді және зерттеулер бейіні бойынша мерзімді басылымдарды сатып алу болып айқындалсын.
      2. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 235 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 436-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов