Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Импорты қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 24-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Импорты қосылған құн салығынан босатылатын Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелген және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат құжаты) негізінде импортталатын, Қазақстан Республикасы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген кез келген нысандағы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың; ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттардың; ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен ветеринариялық техниканың, мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, сурдотифлотехниканың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Импорты қосылған құн салығынан босатылатын Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелген және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат құжаты) негізінде импортталатын, Қазақстан Республикасы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген кез келген нысандағы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың; ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттардың; ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен ветеринариялық техниканың, мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, сурдотифлотехниканың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген импорты қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілік субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Импорты қосылған құн салығынан босатылатын Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелген және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат құжаты) негізінде импортталатын, Қазақстан Республикасы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген кез келген нысандағы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың; ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттардың; ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен ветеринариялық техниканың, мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, сурдотифлотехниканың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың тізбесінде:
мына:
«
7326 90 980 9-дан |
медициналық мақсатта пайдаланылатын зарарсыздандырылған қораптар және ұқсас бұйымдар |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7326 90 980 8-ден |
медициналық мақсатта пайдаланылатын зарарсыздандырылған қораптар және ұқсас бұйымдар |
»;
мына:
«
8474 20 000 0-ден, |
ұнтақ күйдегі минералды өнімдерді ұсатуға, ұнтақтауға, араластыруға арналған жабдық (грануляторлар); фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланатын агломерациялауға, пішіндеуге немесе құюға арналған жабдықтар; олардың бөлшектері |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8474 20 000-ден, |
ұнтақ күйдегі минералды өнімдерді ұсатуға, ұнтақтауға, араластыруға арналған жабдық (грануляторлар); фармацевтикалық өнімді шығару кезінде пайдаланатын агломерациялауға, пішіндеуге немесе құюға арналған жабдықтар; олардың бөлшектері |
»;
көрсетілген тізбеге мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«* Ескертпе: Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника туралы ақпарат денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның веб-сайтында орналастырылады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов