Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 487-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларында:
5-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары және жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшеріне, көздеріне және оны беру түрлеріне сәйкес мектепте бір мәрте тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері және түрлері:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларын және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепте тамақтандыру нормалары әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне, түрлеріне 15-қосымшаға сәйкес белгіленеді.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген мөлшерге 15-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 326 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
15-қосымша
Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларын және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепте бір мәрте тамақтандыру нормалары
Атауы |
Мектеп жасындағы бір балаға норма |
||
6 (7)-10 жас |
11-14 жас |
15-18 жас |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
Өнімдер |
|||
бидай ұны |
4 |
5 |
7 |
қара бидай-бидай наны |
20 |
35 |
40 |
қалыпты бидай наны |
3 |
4 |
5 |
кептірілген нан |
2 |
2,3 |
3 |
макароны, бұршақ, жарма |
26 |
35 |
42 |
картоп |
42 |
50 |
57 |
көкөніс және басқа көкөністер |
84 |
100 |
118 |
жаңа піскен жеміс |
100 |
100 |
100 |
жеміс шырыны |
33 |
33 |
33 |
кептірілген жеміс (құрғақ итмұрын) |
1 |
1 |
1 |
қант |
7 |
8 |
9 |
бал |
5 |
5 |
5 |
ет (сиыр еті) |
61 |
73 |
80 |
құс еті |
28 |
33 |
40 |
жаңа ауланған балық |
22 |
26 |
28 |
сүт, қышқыл сүт өнімдері |
106 |
107 |
108 |
сүзбе |
12 |
14 |
16 |
сүзбеше |
50 |
50 |
50 |
ірімшік |
2 |
3 |
3 |
сары май |
5 |
6 |
8 |
жұмыртқа |
1 |
3 |
3 |
өсімдік майы |
11 |
14 |
15 |
кисель |
4 |
4 |
4 |
картоп крахмалы |
2 |
2 |
2 |
йодталған тұз |
1 |
1,5 |
2 |
лимон қышқылы |
0,2 |
0,2 |
0,2 |